
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана мен Алматыда ауа ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.