Әлем • 30 Сәуір, 2023

Өзбекстандағы референдумда дауыс беру аяқталды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум аяқталды. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де республиканың барлық аумағында тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстандағы референдумда дауыс беру аяқталды

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 81,39 пайызы дауыс берген. Референдумның алдын ала қорытындысы ертең белгілі болады. 

Сайлау барысын 50-ден астам елден 400-ге жуық халықаралық байқаушы бақылаған.

Өзбекстанда 8:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беру үшін 10,7 мыңнан астам учаске жұмыс істеді. Сондай-ақ 39 елде Өзбекстанның дипломатиялық және өзге де өкілдіктері жанынан 55 учаске құрылды.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда референдумда дауыс беру басталғанын хабарлаған болатынбыз.