Аймақтар • 27 Сәуір, 2023

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының тұрғыны Көкпекті ауданынан Семейге 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

фото: polisia.kz

Сәуірдің 27-сі «Құқықтық тәртіп» полиция қызметкерлері «Алматы-Өскемен» тасжолының 912-шақырымында 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota» автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан екі қап пен жеті полиэтилен пакет әртүрлі мұздатылған балық табылды. Алайда ер адамның балық аулауға рұқсат құжаттары болмаған.

Қазіргі уақытта материал Абай ауданы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына берілді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025