Табиғат • 26 Сәуір, 2023

Еліміздің жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды

Синоптиктердің мәліметінше, 27 сәуірге қараған түні Теміртау, Қарағанды, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Еске салайық, бүгін Алматы мен Астанада қолайсыз ауа райы болжанған еді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді үйлесімі.