Елорда • 26 Сәуір, 2023

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуірде елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында  жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 6 мамырға дейін жалғасады. Оның аясында Астанада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және қаланың белсенді тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Еске сала кетейік, экологиялық айлық 8 сәуір күні алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілікте ашылған. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлерді жинау, ағаш отырғызу жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

Екінші коммуналдық сенбілік 22 сәуір күні өтті. Оған 3 203 адам, 222 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 587 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонға 246,92 тонна қалдық шығарылды.

29 сәуірдегі сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындары маңын тазартады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35