Экономика • 25 Сәуір, 2023

Еліміздің кей өңірлерінде газ бағасы қымбаттады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар өңірде көліктерге жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифтерін көтеру туралы бұйрыққа енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Еліміздің кей өңірлерінде газ бағасы қымбаттады

Атап айтқанда, баға келесі өңірлерде өсті: Алматыда – литрі 65 теңгеден 75 теңгеге дейін; Алматы облысында – 70 (75 – шалғай елді мекендерде) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Шығыс Қазақстан облысында – шалғай елді мекендерді ескере отырып, 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін; Солтүстік Қазақстан облысында – литрі 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Абай ауданы бойынша – 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін.

Қалған өңірлерде автогаз бағасы өзгеріссіз қалды.