Әлем • 24 Сәуір, 2023

Суданнан Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суданда әскерилер мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс әлі де жалғасып жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сол елден үш Қазақстан азаматшасы эвакуацияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Суданнан Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ол жерде біздің үш азаматымыз болған және олар Суданнан шығып кеткен. БҰҰ филиалында жұмыс істейтін қазақстандық әйел Эфиопияға аттанған. Жапон компаниясында жұмыс істейтін жерлесіміз  де эвакуацияланды.

Қақтығыс кезінде кем дегенде 413 адам қаза тауып, 3,5 мыңнан астам адам жарақат алды. Әскери штаб пен президент сарайы сияқты бірқатар нысандар тұрғын үйлерге жақын орналасқандықтан, Хартум тұрғындары соғыс жүріп жатқан аймақтарды паналауға мәжбүр.

Көптеген адам жарықсыз, сусыз қалды.

Бұған дейін Суданның азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігін 30 сәуірге дейін жабуды бұйырған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35