Аймақтар • 24 Сәуір, 2023

Шахтинскіде «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің мәйіті табылды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтинскіде «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің мәйіті табылды

Фото: Айнұр Балакешованың facebook парақшасынан

Қайғылы оқиға 23 сәуір түскі уақытта болған. 112 қызметінің диспетчерлеріне бес қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«23 сәуір сағат 13:01-де Шахтинск қаласында Жеңіске 40 жыл көшесі, 79-шы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. ТЖ департаментінің қызметкерлері кіреберістегі пәтерлерден 9 адамды эвакуациялады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Қарағанды ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қайтыс болған адамның денесінен пышақ жарақатының ізі табылған. Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.