Қоғам • 21 Сәуір, 2023

«БерАлиде» аса ірі көлемдегі қаржы талан-таражға салынған

3492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында «Өзенмұнагаз» АҚ мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БерАлиде» аса ірі көлемдегі қаржы талан-таражға салынған

«Өзенмұнайгаз» АҚ және «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. 

Жаңаөзен қаласы тұрғындарының «ҚазМұнайГаз» АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша өтініштердің негізінде Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономика тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеуді бастады.  Атап айтқанда, кәсіпорынның есепшоттары мен өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңасорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде.  

Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғалары мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшылығына қатысты 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүріп жатыр.

«БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы шарттар жасағаны анықталды. Іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып ұрланған.

Департамент «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтіргенін атап өтті.

Ұрланған ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге жұмсалуы тиіс еді. Бұл жағдайлар компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырды.

Тергеу барысында аталған фактілер тексеріліп жатыр.

Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.