Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Оқушылар арасында қатыгездік таныту деректері көбейген

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылар арасындағы қатыгездік пен бұзақылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушылар арасында қатыгездік таныту деректері көбейген

Мәжіліс алаңында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанға «Білім беру жүйесінде бақылаушы органдар көп болғанымен, мектеп оқушыларының арасында неге қатыгездік белең алуда?» деген сұрақ қойылды.

«Бұзақылықтың артуына әсер еткен әлеуметтік құбылыстар мен факторлар өте көп. Бұл бойынша жұмыс істейміз, түбегейлі шараларды, заңнамалық шараларды, ұйымдастырушылық шараларды, соның ішінде ата-ананың жауапкершілігін күшейтуді, мұғалімдердің жауапкершілігін күшейтуді қолға аламыз», деді Еділ Оспан журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Вице-министр статистикалық мәліметтерге сүйеніп, оқушылар арасында балаларды қорлау мен қатыгездік көріністері көбейгенін мойындады.

«Статистика мұндай жағдайлардың нақты өскенін көрсетіп отыр, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Осындай негізгі жүйелі шаралардың бірі – мектептердегі тәрбие жұмысын күшейту. Біз осындай тұжырымдаманы әзірлеуді бастадық, мектептерде ата-аналар академиясын құру жұмыстарын бастадық, сонымен қатар ата-аналардың да моральдық жауапкершілігін күшейтеміз», деді Еділ Оспан.