Фотогалерея • 20 Сәуір, 2023

Елордада Eurasian Book Fair-2023 көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

1048 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Eurasian Book Fair-2023 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Аталмыш жәрмеңке 5 күн бойы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Eurasian Book Fair-2023 көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Суреттерді түсірген: Ерлан ОМАР

Халықаралық іс-шараның мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру.

1

Көрмеде тек ересектерге ғана емес балаларға арналған көркем әдебиеттің сан алуан түрі ұсынылған.

дж

щз

Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін бұл көрмеге Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған кітапсүйер қауым жиналды. Халықтың көптеп жиналғаны байқалады, әсіресе жас оқырмандар түрлі баспа павильондарының алдына жиналғаны жанға жылу ұялатады.

3

Жалпы, аталмыш жәрмеңкеге 70-тен астам баспа қатысып жатыр. Оның ішінде тек қазақстандық қана емес шетелдік баспаларды байқауға болады. Атап айтқанда, Ресей, Якутия, Қытай, Өзбекстан, Түркия  баспалары кітаптарын оқырмандарға ұсынды.

р

7

Айта кетсек, көрме барысында әр баспа түрлі іс-шара ұйымдастырып оытрады. Біреуі жаңадан шыққан кітабының тұсаукесерін өткізіп жатса, «Отандастар» қоры «Әр қазаққа - бір кітап» жобасын бастап кетті. Қордың павильонында арнайы QR-код орнатылған екен, сол QR-кодты сатып алушылар сканерлейді. Жиналған қаржыға шетелде тұратын отандастарымызға кітап сыйлау ұйғарылыпты.

ро