Аймақтар • 18 Сәуір, 2023

Риддергі ЖЭО-да апат болды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Риддер тұрғындары пәтерлеріндегі радиатордың суып қалғанын байқаған. Бұл жағдайға Риддер жылу-электр орталығындағы штаттан тыс жағдай себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Риддергі ЖЭО-да апат болды

«Риддер ЖЭО» АҚ-дан келетін тікелей желілік судың температурасы бүгін небәрі 31 градус болған.

Кейін анықталғандай, жылу орталығында тағы да штаттан тыс жағдай орын алған.

«Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде ажыратылып, резервтегі қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура біртіндеп көтеріледі», деді Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.

2023 жылғы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері жөндеу, жаңғырту және 3,3 млрд мөлшерінде берешекті өтеу үшін ешбір әрекет істемей отырғанын мәлімдеді.