Президент • 12 Сәуір, 2023

Ғылым саласының өркендеуі бәсеңдеп тұр - Президент

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде отандық ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым саласының өркендеуі бәсеңдеп тұр - Президент

«Елімізде мықты ғылыми мектеп бар. Білікті ғалымдарымыз да көп. Мемлекет тарапынан ғылымға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы жылдары бұл салада біршама өзгеріс болды. Ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарды, қаржы көлемі едәуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді. Докторанттарды даярлауға және ғылыми жұмыспен айналысуға бөлінетін грант саны артты. Жалпы, жастардың ғылымға деген қызығушылығы ояна бастады», деді Президент.

Десе де, Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі әлі де жеткіліксіз.

«Ашығын айтсақ, ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр», деді Қ.Тоқаев.