Қоғам • 11 Сәуір, 2023

ЕGov-тың жаңа қызметіне байланысты нотариустар шығынға ұшырауы мүмкін бе?

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрі Азамат Есқараев eGov жаңа онлайн сервисінің енгізілуіне байланысты нотариустар қаншалықты шығынға ұшырауы мүмкін деген сұраққа жауап берді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕGov-тың жаңа қызметіне байланысты нотариустар шығынға ұшырауы мүмкін бе?

«Біз бұл сәтті пысықтадық. Нотариустың барлығы жұмыс істейді. Табыс төмендемейді. Бұл «win-win», нотариустар үшін де тиімді, халыққа да ыңғайлы», деп түсіндірді министр.

Ол нотариат қызметінің құны сақталатынын және оларға жүгінген азаматтар бұл қызмет құнын банк өтініштер арқылы онлайн төлейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ақша тікелей нотариустарға түседі.

Азамат Есқараев «Цифрлық нотариус» пилоттық жоба екенін және бастапқыда сенімхаттардың кейбір түрлері ғана қолжетімді болатынын қоса айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматтары үшін нотариаттық қызметтің барлық түрі eGov Mobile арқылы онлайн режимінде қолжетімді болатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024