Қоғам • 11 Сәуір, 2023

Алматылық әскерилер халықты дүрлікпеуге шақырды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі үндеу жасап, әскери техника колонналарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық әскерилер халықты дүрлікпеуге шақырды

Әскери институттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жоспарлы практикалық сабақтар өткізу мақсатында 11 сәуір күні институт курсанттары мен әскери техника колонналары Алматы қаласынан Қарағанды облысында орналасқан «Сарышаған» полигонына бет алған.

«Оқу-жаттығу аяқталған соң жеке құрам мен әскери техника тұрғылықты мекенжайына қайтарылады. Түсіністік танытуларыңызды және негізсіз ақпаратқа жол бермеуді сұраймыз», делінген ведомство таратқан хабарламада.