Спорт • 09 Сәуір, 2023

«Қайрат» өз алаңында «Жетісу» командасынан ұтылып қалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» өз алаңында «Жетісу» командасынан ұтылып қалды

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.

Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын теңестірді.

Ал 74-минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80, Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.

Енді елорда уақытымен сағат 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.