Спорт • 09 Сәуір, 2023

Қазақстан боксшысы допинг дауына ілікті

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 келі) Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшысы допинг дауына ілікті

Бұл 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында болды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшы еліне қайтарылған, ол оқу-жаттығу жиынында жоқ.

«Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында», деді бас бапкер.

Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30