Қаржы • 07 Сәуір, 2023

Доллар бағамы төмендеді

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,11 теңгеге төмендеп, 445,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 487,84 теңге, юань бағамын - 65,05 теңге, рубль бағамын - 5,54 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар - 445-450 теңге, еуро - 485-491 теңге, ресей рублі - 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

Мұнай бағасы ОПЕК+ шешіміне байланысты сәл өсті. Осы аптада Brent маркалы мұнай баррелінің құны ОПЕК+ елдерінің «қара алтын» өндірісін қысқарту туралы хабарламалары аясында 86 доллардан асты.