Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Астанада ХҚКО-ның жалған қызметкері сотталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада алаяқтық жасап, шенеунікке пара берді деген күдікке ілінген ер адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ХҚКО-ның жалған қызметкері сотталды

Сотталушы өзін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден түрлі қызметтері үшін пара сұрағаны анықталды.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі әкімдік қызметкерлері арқылы жер телімін алу үшін одан 400 000 теңге сұрағанын айтқан. Алаяқ кепілге 80 000 теңге алған.

Сондай-ақ ол жәбірленушіні құжаттарды алғаннан кейін шенеуніктен қалған 320 мың теңгені пара ретінде сұраған. 

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама, ақшалай қаражатты алу және тапсыру хаттамасы, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жүргізілген сөйлесулердің жазбалары, WhatsApp желісіндегі хаттар арқылы дәлелденді», деп хабарлады сот.

Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.