Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі кеше Алматы уақытымен 21:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 74 шақырым жерде Қырғызстанда орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2.

MPV магнитудасы - 4.5.

Эпицентрдің координаттары 42.69°с.ш. 76.33° в.д.

Тереңдігі - 5 шақырым.

МЅК-64 шкаласы бойынша Алмарасан шатқалында 2 балл сезілді.                         

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік мекемелер хабарланып, қираулардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр, полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын зақымдалуына сыртқы шолу жасау үшін ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылып жатыр», деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.