Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Бауыржан Тортаев қызметінен босатылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан Тортаев қызметінен босатылды

Тортаев Бауыржан Қадірұлы 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1991-1995 ж.ж. – коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

1996-1997 ж.ж. – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;

1997-1998 ж.ж. – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;

1998-1999 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2002 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;

2008-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2011-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында болған еді.