Экология • 04 Сәуір, 2023

«Бізге не болған?»: Блогер Маңғыстаудың қоқыс басқан даласын көрсетті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында облыстағы ластанған жерді түсіріп, видео жариялады. Оның айтуынша, мұндай қоқыс алаңы жақын маңдағы қоршалмаған полигонның кесірінен қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізге не болған?»: Блогер Маңғыстаудың қоқыс басқан даласын көрсетті

Видеода Мұнайлы ауданының Баянды ауылы бейнеленген.  

Блогер, видеографтың айтуынша, Баянды ауылының маңында бүкіл Ақтау мен Маңғыстау облысының халқы ең тығыз орналасқан ауданынан (Мұнайлы ауданы) тұрмыстық қалдық төгіліп, сұрыпталатын полигон бар.

«Өкінішке қарай, далада шашылып жатқан осы қоқыстың барлығы - шенеуніктердің ғана емес, қоғамымыздың да қоршаған ортаға деген немқұрайды көзқарасының салдары. Өйткені жұртшылық мүдделі болса, дұрысын сұраса, мұндай сұмдықтың алдын алуға болар еді. «Біз тастаған қоқыс қайда кетеді?»,«Полигон неге қоршалмаған?» «Қарапайым экологиялық нормалар мен талаптар неге сақталмайды?» «Кең-байтақ жерімізде целлофан пакеттері неге саңырауқұлақтай өседі? Бізге не болған?», деді Азамат Сәрсенбаев.