Саясат • 04 Сәуір, 2023

Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

1994-1995 - Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі;

1995-1997 - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;

1997-2001 - «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;

2001-2003 - Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;

2003-2006 - «ҚазМұнайГаз» ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;

2006-2008 – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;

2009-2010 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;

2010-2011 - «PSA» ЖШС Бас директоры;

2011 - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Президенті;

2012-2014 – Мұнай және газ вице-министрі;

2014-2017 - «Almex Petrochemical» ЖШС Бас директоры;

2016 - 2017 - «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;

2017- 2019 - Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі;

2019 - 2021 - «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры;

2019 – 2021 - «Almex Petrochemical» ЖШС Бас директоры;

04.2021-10.01.2022 - «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.