Ғылым • 03 Сәуір, 2023

Отандық ғылымның дамуына бөлінетін қаржы 3,5 есе ұлғайды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Форумда Ғылым және жоғары білім министрі сөз сөйлеп, отандық ғылымның дамуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық ғылымның дамуына бөлінетін қаржы 3,5 есе ұлғайды

Industry Advisory Board (Салалық консультативтік кеңес) – бизнес, салалық кәсіпорындар мен жетекші ғылыми университеттер арасындағы өзара байланысты ашық орнату үшін құрылған платформа.

«Университеттегі ғылымды дамыту – маңызды бағыт. Біздің университеттердің көпшілігі teaching university деңгейінде тұр. Олардың ғылыми-зерттеу университеті форматына ауысуы өте маңызды. Бүгінгі таңда ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артты. Қазір мақсатты қаржыландыру форматы мен бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Университеттерге өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін алғаш рет «мега грант» ұғымы (қаржыландыру тұрғысынан) енгізілуі мүмкін», деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ форумда коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсының құрылғаны туралы жарияланды.