Үкімет • 29 Наурыз, 2023

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Алайда Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                   Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 29 наурыз

№ 158

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше