Есірткі • 28 Наурыз, 2023

Есірткі саудасымен айналысқан азамат 11 жылға сотталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен облыстың 29 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Есірткі саудасымен айналысқан азамат 11 жылға сотталды

Полицейлер анықтағандай, 2022 жылдың жазында күдікті Telegram мессенджеріндегі арнаға тіркеліп, есірткі сатуды жоспарлаған. Бұл әрекетін жүзеге асыру үшін ол әлеуметік желі пайдаланушысымен байланысып, Орал қаласында есірткіні заңсыз өткізу туралы келісім жасасқан.

Қылмыстық ниетін орындау мақсатында күдікті куратордан қосымша арқылы 100 мың теңге алып, пәтер жалдап, есірткіні буып-түюге және салмағын өлшеуге арналған электронды таразы, зип-пакеттер, түрлі түсті изолента мен скотч сатып алған.

Әрі қарай есірткі жасыру орындарының координаттарын алып, тыйым салынған заттарды жасырып кеткен. Содан кейін ол жалға алған пәтеріне оралған. Жедел іс-шаралар барысында облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері күдіктіні пәтерге жақын жерде ұстады.

Ол өзімен бірге болған есірткі салынған пакетті лақтырып, жасырынбақ болған. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар синтетикалық есірткі «мефедрон» болып шықты. Тыйым салынған заттың салмағы шамамен бір келіні құрады.

Сот есірткі сатушыны кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, биылғы жылдың екі айында полицейлер елімізде интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан 77 адамды ұстады.