Қазақстан • 25 Наурыз, 2023

Қазақстан-Новосібір арасындағы рейстер уақытша тоқтатылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Qazaq Air әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Новосібір арасындағы рейстер уақытша тоқтатылды

Qazaq air баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.

«Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com  поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек», делінген Qazaq air хабарламасында.

Аталған әуекомпания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Жолаушыларға кестенің алдағы өзгерістері туралы қосымша хабарланады.