Сайлау • 25 Наурыз, 2023

Алматы облысы мәслихатының депутаттығына өткен партиялар

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудың нәтижесін шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы мәслихатының депутаттығына өткен партиялар

Комиссия мәліметінше, электорат тізіміне 966 304 тұрғын енгізілген. Соның ішінде дауыс беруге 579 734-і қатысты.

Сайлауға 6 саяси партия түсті. Оның ішінде 2 партияға ғана мандат берілді. Сайлаушылардың 5 және одан көп пайыз дауысын жинаған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінді:

«Amanat» партиясы – 16;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3;

Саяси партия үшін берілген дауыстар саны:

«Amanat» партиясы – 403 950 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,28%;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 78 726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,89%;

«Respublica» партиясы – 10 038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,77%;

Қазақстан Халық партиясы – 12 583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,22%;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 9 662 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,70%;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 19 511 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,44%;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 32 270.