 
                                        Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі 20 наурыздан бастап №43 жаңа бағыт іске қосылатынын айтты.

Ол келесідей болады: Бригадная көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Әл-Фараби даңғылындағы кері бұрылыс / Достық даңғылы - Төле би көшесі - Қалдаяқов көшесі - Мақатаев көшесі - Қайырбеков көшесі / Жібек жолы көшесі.
Қарсы бағытта: Қайырбеков көшесі / Жібек Жолы көшесі - Төле би көшесі - Әл-Фараби даңғылы бойынша бұрылыс / Достық даңғылы - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Бригадная көшесі.
Қозғалыс аралығы - 33 минут. Жаңа бағыт арқылы тәулігіне 110 адамды тасымалданады деп күтіліп отыр.
 
                             
                                 
                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                