Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Алматыда ақын Әділғазы Қайырбеков дауыс берді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков дауыс берді. Ол бүгінгі сайлаудан ешкім қалыс қалмауы керектігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ақын Әділғазы Қайырбеков дауыс берді

«Бүгінгі науқан – халықтың көптен күткен сайлауы. Өйткені бұл сайлауда көптеген жаңалықтар, өзгешеліктер бар. Өзің таңдайтын партияға дауыс бере алатын мүмкіндік берілген, мұның бәрі халықта сенім оятты деп ойлаймын. Көппартиялылықтың ішінен таңдау да оңай емес. Бағдарламаларының бәрін қарадық, ұқсастықтары көп. Дегенмен халық көңілі қалаған партияға дауыс береді. Енді сайлау мәдениті деген бар, сол халыққа дұрыс насихатталуы керек. Сонда бүгініміз үшін, болашағымыз үшін, ұрпақтың болашағы үшін сайлауға келіп дауыс беру – бұл үлкен жауапкершілік. «Менің дауысым қайбір нәрсені шешеді» деп қалыс қалушылық дұрыс емес. Біздің халық өз болашағын, өз таңдауын бос жіберіп алмауы керек», деді ол.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.