Спорт • 17 Наурыз, 2023

Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді

Оның қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын байқатты. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен жүрді.

Екінші раундтың соңына қарай Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. 

Айта кетейік, әуелде Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған.

Соңғы жаңалықтар

Батыр мұрасы насихатталды

Қоғам • Бүгін, 07:55

Роботтар да оқитын заман

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Көмілген қала табылды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Ел мұңын жазған шығарма

Басылым • Бүгін, 07:40

Жаратқан алдынан жарылқасын

Тағзым • Бүгін, 07:38

Димаштөбедегі ашық мұражай

Музей • Бүгін, 07:35