Аймақтар • 16 Наурыз, 2023

Шығыс Қазақстан облысында өрттен үш адам көз жұмды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Бұқтырма ауылындағы көпқабатты үйден өрт шықты. Пәтер қатты түтінге оранып, жиһаздар өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында өрттен үш адам көз жұмды

Іздестіру жұмыстары кезінде жатын бөлмеден үш мәйіт табылды.

«47 жастағы екі ер адам мен 45 жастағы әйел адамның денелері табылды. Көршілердің айтуынша, өртенген үй тұрғындары түнде ішімдік ішкен. Бұл пәтердің иесі және оның қонақтары екені анықталды», дейді Алтай ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының аға тергеушісі Антон Козубов.

Алтай аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.