Қоғам • 16 Наурыз, 2023

16 наурызға арналған ауа райы болжамы

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың шығыс жартысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен, мұнда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.

Елдің батыс жартысы кең антициклон әсерінде болады, сол себепті жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл күтіледі.