Қоғам • 15 Наурыз, 2023

Матч кезінде жанкүйерлерге қысым көрсетілген

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» - «Каспий» командалары арасындағы матчта жанжал болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Матч кезінде жанкүйерлерге қысым көрсетілген

«Қайрат» футбол командасының жанкүйерлері әлеуметтік желіде ойын кезінде тәртіп сақшылары жанкүйерлерге қысым жасағанын жазды.

«Бүгін Алматы қаласында өткен Қайрат-Каспий командалары арасындағы матчта тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ тарапынан матч кезінде жанкүйерлерге қысым көрсетілді. Тәртіп сақшылары жанкүйерлерді стадионнан қүшпен шығара бастады. Аталған оқиғада жанкүйерлер тарапынан ешқандай қарсы әрекет, құқық бұзушылық орын алған жоқ», делінген жазбада.

Алайда полиция департаменті футбол жанкүйерлерінің тәртіп бұзағанын растады.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, Орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу дерегі тіркелген.

Арнайы жасақтың қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілгенін айтып, желідегі жазбаға жауап берді.