Әлем • 13 Наурыз, 2023

«Оскар» киножүлдесінің иегерлері анықталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барлығы барлық жерде және бірден» фильмі 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Оскар» киножүлдесінің иегерлері анықталды
Басты номинациялар бойынша 2023 жылғы жеңімпаздар: 
  • Үздік фильм – «Барлығы барлық жерде және бірден».
  • Үздік режиссер – Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт, «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмі.
  • Үздік актер – Брендан Фрейзер, «Кит» фильмі.
  • Үздік актриса – Мишель Йео, «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмі.
  • Үздік қосалқы актер – Ке Хюи Куан, «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмі.
  • Үздік қосалқы актриса – Джейми ли Кертис, «Барлығы барлық жерде және бірден».
  • Үздік түпнұсқа сценарий – «Барлығы барлық жерде және бірден».
  • Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».
  • Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио». Режиссері: Гильермо дель Торо.
  • Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
  • Үздік толқыметрлі деректі фильм: «Навальный».
  • Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы».
  • Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
  • Үздік ән – «RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.