Қоғам • 10 Наурыз, 2023

Қаңтар оқиғасына байланысты істі болған бұрынғы полиция басшысы ауруханаға жатқызылды

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Құдебаевтың сот процесі кейінге қалдырылды, деп хабардайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасына байланысты істі болған бұрынғы полиция басшысы ауруханаға жатқызылды

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров хабарлады.

«Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сотталушы ауруханаға түскеніне байланысты сот отырысы келесі аптаға шегерілді. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмайды», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 18 ақпанында Серік Қүдебаев Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылып, ішкі істер органынан өз еркімен кеткен. Сол жылдың мамыр айында ол қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылды.

Мәжілісте қаңтардағы оқиға туралы «Қантар оқиғасы: дерек пен дәйек» атты  бейнеролик көрсетілген еді. Кадрда сол кездегі Алматы облысының полиция бастығы қызметін атқарған Серік Күдебаев пен оның әріптестері полиция департаментінің ғимаратын тастап кетіп бара жатқаны анық көрінеді.

Бұған дейінгі сотта  прокурор айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.