Қоғам • 09 Наурыз, 2023

Бұрынғы Қорғаныс министрі 12 жылға сотталды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы Қорғаныс министрі 12 жылға сотталды

«М.Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 24.02.2023 жылғы үкімімен сотталды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, қылмыстық іс «құпия» түрде қаралды. Осыған байланысты егжей-тегжейлі ақпарат берілген жоқ.

Өткен жылдың қаңтарында болған тәртіпсіздік кезінде экс-министр заңсыз бұйрық бергені хабарланған еді.

2022 жылдың 21 ақпанында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.