Аймақтар • 03 Наурыз, 2023

Қостанайда жоғалған әйел табылды

1590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жоғалған әйел қызметтік-іздестіру итінің көмегімен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жоғалған әйел табылды

3 наурыз күні таңертең 102 пультіне облыс тұрғыны 61 жастағы анасының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қызының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті нашар, сондықтан үйге апаратын жолды таба алмайды. Шақыруды қабылдағаннан кейін инспектор-кинолог Диас Игліков оқиға орнына барды. «Алладин» қызметтік-іздестіру итінің көмегімен іздеу жұмыстары басталды.

«Ит жоғалған әйелдің ізін бірден тапты. Біз жақын маңдағы аумақты және Пролетарская көшесінің бойымен 800-1000 метр радиуста айналып өттік. 39-ші үйдің жанынан жоғалған әйел табылды. Ол абдырап қалып, үйін таба алмаған. Сонымен қатар далада жүріп,жаурап қалған. Іздеу жұмыстары шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды», деді полиция сержанты.

Диас Игліков полицияда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жоғалған адамдарды іздеуге бірнеше рет қатысқан. Қызметтік иттің көмегімен жоғалған үш адам табылған.