24 Маусым, 2014

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов өз еркімен қызметінен кетті

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Meyram03АСТАНА. 24 маусым. 2012 жылдың 8 қазанынан бері Қарағанды қаласын басқарып келген Мейрам Смағұлов өз өтініші бойынша қызметінен босады. Бұл туралы «Новый вестник» газеті хабарлады. Мейрам Смағұловтың Қарағанды қаласының әкімі қызметінен кетуіне байланысты нақты себеп айтылған жоқ. Әзірге оның орнына кім тағайындалатыны белгісіз. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Новый вестник» газеті. Фото: megapolis.kz.