24 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты. Голландия – Чили 2:0

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

24-06-14-holland-chile-1

АСТАНА. 24 маусым. Түнде Голландия мен Чилидің арасындағы үшінші турдың ойыны 2:0 деген есеп әкелді. Ойын голландиядықтардың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «В» тобы. 3-тур. Голландия – Чили 2:0 (0:0). 23 маусым. Сан-Паулу. «Арена Коринтианс» стадионы. 62 996 көрермен. Төреші - Бакари Гассама (Гамбия). Голландия: Яспер Силессен, Дэрил Янмат, Стефан де Врей, Рон Влаар, Дэйли Блинд, Джорджиньо Вейналдум, Найджел де Йонг, Уэсли Снейдер (Лерой Фер, 75), Джермейн Ленс (Мемфис Депай, 69), Дирк Кёйт (Теренс Конголо, 89), Арьен Роббен. Чили: Клаудио Браво, Маурисио Исла, Франсиско Сильва (Хорхе Вальдивия, 70), Гари Медель, Гонсало Хара, Эухенио Мена, Чарльз Арангис, Фелипе Гутьеррес (Жан Босежур, 46), Марсело Диас, Алексис Санчес, Эдуардо Варгас (Маурисио Пинилья, 81). Голдар: Лерой Фер (77), Мемфис Депай (90+2). Ескертулер: Дэйли Блинд (64) – Франсиско Сильва (25). Турнирде бірінші болып В тобындағы шайқастар аяқталды. Ондағы кімнің топ бастайтыны төңірегіндегі шиеленіс соңғы турда, осы екі команданың арасындағы жекпе-жекте анықталды. Бұл текетіресте Голландия құрамасының десі басым шықты. Кездесудегі екі голды да алаңға ойыншылар алмастырып шыққан футболшылар соқты. Осыған қарап, Луи ван Галдың түйсігі күшті екенін де пайымдауға болады. Ол алаңға шығарған Лерой Фер тіпті ойынға қосылғанына екі минут болмай жатып гол соқты. Осылайша есеп 77-минутта ашылды. Ал екінші голды Мемфис Депай негізгі уақытқа қосылған 2-минутта соқты. Нәтижесінде 3 ойыннан 9 ұпай жинаған Голландия құрамасы бірінші орынға табан тіреді. Ал Чили ұтылып қалғанына қарамастан, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалып, келесі кезеңге өтті. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат. Ру. Фото: Sportbox.ru.

24-06-14-holland-chile-2 24-06-14-holland-chile-3 24-06-14-holland-chile-4 24-06-14-holland-chile-5 24-06-14-holland-chile-6

Қорытынды кесте

N

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Доп

Ұп

1

                                                                        ГОЛЛАНДИЯ

3

3

0

0

10-3

9

2

       ЧИЛИ

3

2

0

1

5-3

6

3

         ИСПАНИЯ

3

1

0

2

4-7

3

4

         АВСТРАЛИЯ

3

0

0

3

3-9

0