24 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Австралия – Испания 0:3

222 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24-06-14-avstralia-spain-1

АСТАНА. 24 маусым. Кеше түнде Австралия құрамасымен чемпиоанттағы соңғы ойынын өткізген Испания командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «В» тобы. 3-тур. Австралия – Испания 0:3 (0:1). 23 июня. Куритиба. «Арена Байшада» стадион. 39 375 көрермен. Төреші - Абдулла Шукралла (Бахрейн). Австралия: Мэттью Райан, Райан Макгован, Алекс Уилкинсон, Мэттью Шпирарнович, Джейсон Дэвидсон, Миле Единак, Мэтт Маккей, Мэттью Леки, Оливер Бозанович (Марк Брешиано, 72), Томми Оур (Джеймс Тройси, 61), Адам Таггарт (Бен Хэллоран, 46). Испания: Пепе Рейна, Хуанфран, Серхио Рамос, Рауль Альбиоль, Хорди Альба, Хаби Алонсо (Давид Сильва, 83),Коке, Санти Касорла (Сеск Фабрегас, 68), Андрес Иньеста, Давид Вилья (Хуан Мата, 56), Фернандо Торрес. Голдар: Давид Вилья (36), Фернандо Торрес (69), Хуан Мата (82). Ескертулер: Мэттью Шпиранович (88), Миле Единак (90+2) – Серхио Рамос (62). Осы чемпионатта Испанияның чемпиондық атағынан айырылып қалатыны екінші ойыннан кейін-ақ белгілі болды. Мұның өзі әлемнің соңғы, Еуропаның қатарынан екі дүркін үздігінің плей-офф аймағына өте алмайтынын айғақтап берді. Алайда, Висенте дель Боскенің шәкірттері алдыңғы екі ұрыста «таяқ жеп» қалуын қанағат тұтып, Бразилиядан марқайған көңілмен тағы кете алмас еді. Сондықтан олар топтағы соңғы шайқасқа барын салды. Алайда, алғашқы он минут Ангелос Постеоглу шәкірттерінің уыстарында өтті. Осыдан кейін ғана «қызыл фурия» алаңдағы жағдайды теңестіре алды. Ал таймның ортасына қарай олар жасаған екі өткір шабуыл да есте қалды. Рас, бұдан есеп ашылған жоқ. Сонда да болса, испандар өлермендік танытып, үзіліске дейін-ақ алға шығып үлгерді. Оны Хуанфранның пасынан Давид Вилья түсірді.  Бір айта кететіні, бұл екеуі де мундиальға осы жолы бірінші рет қатысып жатыр еді. Бірінші тайм Испанияның үлкен басымдығымен аяқталды. Екінші таймда дель Боске алаңға Сеск Фабрегас және Хуан Мата сынды ойыншыларын шығарды. Австралиялық Мэттью Райан қорғаған қақпаға 82-минутта үшінші голдың түсуін тап осы екі жігіт ұйымдастырды. Ал оған дейін Фернандо Торрес көзге түсіп қойған еді. Ол 69-минутта Андрес Иньестаның айып алаңына кіре беріп, қақпашы маңына тастаған добына екінші қайтара қол жеткізгенде гол салды. Испания осылай турнирдегі соңғы ойынында ірі есеппен жеңіске жетті. Бұл топтан Голландия мен Чилидің плей-офф аймағына өтетіні белгілі болды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат. Ру. Фото: Sportbox.ru.  

Қорытынды кесте

N

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Доп

Ұп

1

                                                                        ГОЛЛАНДИЯ

3

3

0

0

10-3

9

2

       ЧИЛИ

3

2

0

1

5-3

6

3

         ИСПАНИЯ

3

1

0

2

4-7

3

4

         АВСТРАЛИЯ

3

0

0

3

3-9

0

 24-06-14-avstralia-spain-2 24-06-14-avstralia-spain-3 24-06-14-avstralia-spain-4 24-06-14-avstralia-spain-5 24-06-14-avstralia-spain-6