24 Маусым, 2014

25 маусымда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өтеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Palata03АСТАНА. 24 маусым. Астанада өткелі отырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезінде кәсіпкерлікті дамытудың басты мәселелері талқыланбақ. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болғандай, аталған ұйым құрылғалы маңызды жетістіктерге қол жеткізген. Соңғы уақытта кәсіпкерлерден 100-ден астам өтініш келіп түскен. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі Екатерина Никитинская: «Съезд барысында кәсіпкерлер палатасының дамуы, жұмыс барысы талқыланады. 200-ден астам бизнес өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Палата мен салааралық қауымдастықтардың байлынысы да назардан тыс қалмайды», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: «24kz».