24 Маусым, 2014

Атырау облысы Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Isatai03АСТАНА. 24 маусым. Атырау облысының басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Исатай ауданының әкімі болып Тұрарбек Сұлтанбеков бекітілді. Бұл туралы «Ақ Жайық» газеті хабарлады. Т.Сұлтанбеков 1959 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2009 жылдан бастап Исатай ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан 2013 жылға дейін Исатай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейін облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметінде болды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Ақ Жайық» газеті Фото: atyrau.gov.kz.