24 Маусым, 2014

Керридің Мысырға күтілмеген сапары

249 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Шарайна шар1АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен жексенбі күні күтпеген жерден Каирға сапармен келіп, Египеттің жаңадан сайланған президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен келіссөз жүргізді. Әңгіме арқауы екі жақтың да мүддесіне сәйкес келетін тақырыптар болған. Бұл АҚШ-тың жоғары шенді өкілінің ас-Сиси президент болып сайланғаннан кейінгі Мысырға алғашқы сапары болып табылады. 1979 жылы Израильмен бейбіт келісімге қол қойғаннан соң Египет АҚШ-тың Орта Шығыстағы аса күшті одақтастарының бірі болған еді. Алайда, Ислам серкесі Мұхаммед Мурси жаппай наразылық акцияларынан кейін президенттіктен кетірілген соң екі ел арасына белгілі бір деңгейде сызат түскендей-тін. Мавритания президенті қайта сайланды Мавританияның іс басындағы басшысы Мохаммед Ульд Әбдел Әзиз ел президентін сайлауда 88 пайыз дауыс жинап, президенттікке қайта сайланды. Оның ең жақын бәсекелесі бар болғаны 8-ақ пайыз дауыс алған. Негізгі оппозициялық партиялар сайлауға қатысудан бас тартқанымен, сайлаушылардың 56 пайызы дауыс берген. Әбдел Әзиз билікке 2008 жылы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде келген болатын. Ол қашанда Батыстың Африка аумағындағы террорлық ұйымдармен күресте сенімді әріптесі болып келеді. Сайлау нәтижесін оппозиция мойындамағанмен, Батыс осы себепті де Мавритания басшылығының ісіне араласқанды қаламайды. Дегенмен, қазіргі кезде қарулы жасақтар күшейіп отырғандықтан, алда Әбдел Әзизді үлкен сынақтар күтіп тұрғандай. Әскери нысандарына соққы берді шар2Израиль әскери-әуе күштерінің ұшақтары кеше Сирияның бірқатар аумағына соққы берді. Бұл соққы сириялық танкке қарсы снарядтың израильдік жасөспірім отырған автомобильді жарып жіберуіне жауап болып табылады. Түнгі авиашабуыл барысында Израиль ұшақтары арасында Сирияның командалық штабы да бар 9 әскери нысанды қиратқан. Тель-Авив Голан биіктерінде автомобильді жарып жіберу оқиғасы жоспарлы түрде жасалған арандату деп санайды. Сол оқиға орын алған 22 маусымда Израиль танктері Сирия шептеріне қарсы оқ атқан болатын. Жалпы, Голан биіктерін Израиль 1967 жылы Сирияға қарсы соғыстың нәтижесінде жаулап алған еді. Ал Дамаск аталған биіктікті әлі де өзінің заңды аумағы деп есептейді.

Қысқа қайырып айтқанда:

—* Оңтүстік Кореяда әскери қызметші өзінің бес қызметтесін атып өлтіріп, тағы жетеуін жаралаған. Оқиға Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореямен бөліп тұратын демаркациялық сызыққа жақын жерде болған. Оқ атқан әскери іздестірілуде көрінеді. *— Рим Папасы мафияның барлық мүшелерін шіркеуден аласталғандар деп атады. Ол өзінің мәлімдемесін Италияның оңтүстігіндегі Калабрия өңіріне сапары кезінде жасады. Бұл өңірде мафияның шептері мықты саналады. —*Нью-Йоркте көлденең таксист ресейлік бизнесмен Владимир Захаровты 23 метр жерге жеткізіп тастағаны үшін 149 доллар талап еткен. Келіспеген 75 жастағы ресейлік соққыға жығылған. — Мысырдың соты 180 исламиске өлім жазасы шығарылғанын қуаттады. Олардың арасында «Мұсылман бауырлардың» серкесі Мохаммед Бади де бар көрінеді. Жалпы, үкім шығарылғандардың оны қайта қаратуға құқықтары бар. Сноуден ерлігі үшін марапатталды шар3Америка арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден 21 маусым күні «Гуманистік одақ» қоғамдық ұйымынан сыйлық алды. Қашқында жүрген барлаушы бұл нышандық сыйлыққа азаматтық ерлігі үшін лайық деп табылды. Ұйым басшысы Вернер Кеп-Керстин марапаттау рәсімін Раштат қаласында өткізген. Ал сыйлық Фриц Бауэр атындағы деп аталады. «Эдвард Сноуден АҚШ-тың арнайы қызметтері тарапынан заңсыз адам соңына түсу практикасын жалғанның жарығына шығаруда нағыз моральдық ерлік көрсетті», депті марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Кеп-Керстин. Ал Фриц Бауэр «Освенцин процестерінде үлкен рөл атқарған неміс судьясы әрі прокуроры болып табылады. Құрбандық – тағы екі палестиналық Израиль әскерилері Иордан өзенінің Батыс жағалауында екі палестиналықты атып өлтірді. Әскерилер қаруды палестиналықтарды жаппай тұтқынға алу кезінде туындаған қақтығыс кезінде қолданыпты. Адам өліміне соқтырған бұл қақтығыс 6 палестиналықты тұтқындау кезінде орын алған. Израиль қазіргі кезге дейін Батыс жағалауында 13 маусым күні жоғалып кеткен үш жасөспірімді іздестіріп жатыр. Іздеу операциялары басталғалы бері әскерилер кем дегенде төрт палестиналықты өлтіріп отыр екен. 340 палестиналық тұтқынға алыныпты. Діни мектептің үш оқушысы Гуш-Эцион елді мекені ауданында із-түзсіз кетсе керек. Израиль билігі жасөспірімдерді ХАМАС тобы ұрлап кетті деп айып тағуда. Малайзия жағалауындағы кеме апаты шар4Малайзия жағалауы маңында индонезиялық мигранттарды алып келе жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға Сепанг қаласынан 20 шақырым жерде орын алған. Кеме бортында 27 адам болыпты. Олардың тоғызы із-түзсіз жоғалғандар қатарында болса, оларды қазір малай теңізшілері іздестіріп жатыр екен. 18 адам, оның ішінде 4 әйел бар, мүлдем кездейсоқ жағдайда құтқарып алынған. Кеме суға батар тұста жанынан сауда кемесі өтіп бара жатыр екен. Сондағылар көмек туралы айқай-шуды естіп, жәрдем қолын созыпты. Бұл Малайзия жағалауындағы екінші апат болып отыр. 18 маусым күні сол маңайда 97 адамды алып келе жатқан кеме суға батып кетсе, 23 адамды табу мүмкін болмаған-тын. Малайзия – серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі, сондықтан жұмыс күші де көп талап етіледі.  

Интернет материалдары негізінде әзірленді.