Аймақтар • 28 Ақпан, 2023

Талдықорғанға кіре берісте жол апаты болды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Талдықорған қаласына кіре берісте Toyota 4Runner автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанға кіре берісте жол апаты болды

- Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел бар. Зардап шеккендер ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді, - делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Белгілі болғандай, Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, көлік аударылған.

Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жүр.