24 Маусым, 2014

«КazEOSat-2» спутнигі сәтті ұшырылды

1511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«КazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаушы (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутнигі Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. kazeosat 2 «КazEOSat-2» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жер­ді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты. «КazEOSat-2» спутнигінің ұшырылымы РС-20 құр­лық­аралық баллистикалық зымыранының негізінде құрыл­ған «Днепр» зымыран-ұшыр­ғышымен жүзеге асы­рылған болатын. «КazEOSat-2» спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спек­трлерін ұсынуға, Қазақ­стан Республикасының аума­ғында түсірілімдер алуға, сондай-ақ, табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қор­ға­нысы мен қауіпсіздігін қам­та­масыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учас­ке­лерін мониторингілеу мақса­тына бағытталған. Қазақстан Рес­­пуб­лика­сының ЖҚЗ ғарыш жүйесі «KazEOSat-2» спут­нигін ұшы­ра отырып, орташа кеңіс­тіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппараты­мен толықтырылды. Қазақстан Рес­публикасының ЖҚЗ ға­рыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (ү.ж. 30 сәуірде ұшырылған «KazEOSat-1» және 20 маусымда ұшы­рыл­ған «KazEOSat-2») мен мә­ліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешен кіреді. ҚР Ұлттық ғарыш агент­тігінің төрағасы Талғат Мұса­баевтың бас­шы­лығымен Қаз­ғарыш делегациясы «KazEOSat-2» ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге, «Днепр» ЗҰ ұшыруға толық құқылы қатысушы ре­тінде де қатысқан, деп ха­бар­лады Қазғарыштың баспасөз қызметі.