24 Маусым, 2014

Фракция төралқасының кеңейтілген отырысы

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Пар­ламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы Төралқасының «ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен мәслихаттардың өзара қа­рым-қатынасының өзекті мәселелері» тақырыбына арнал­ған кеңейтілген мәжілісі өтті. IMG_2503 Мәжіліс жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары Бауыр­жан Байбек, Парламент Мәжілі­сінің вице-спикері, партияның Мәжілістегі фрак­ция­сының жетекшісі Дари­ға Назарбаева, фракция төрал­қасының мүшелері, Сайлау­алды тұғырнама бағыттары­ның партиялық және өңірлік тәлім­герлері, сондай-ақ, селекторлық бай­ланыс арқылы партия филиал­дарының басшылығы, мәсли­хат­тардағы партия фракцияларының жетекшілері, мәслихаттар хатшылары қатысты. Шараның ашылуында сөз алған Бауыржан Байбек фракция­ның барлық бастамалары мен заң жобаларының партиялық Сай­лауалды тұғырнама міндеттерін іске асыруға бағытталғанын айрықша атады. «Сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың аясын­да партия 12 заңның қабыл­дануына атсалысты. Заң жобаларына енгізілген түзетулер мен өзгертулердің 90%-ға жуығы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері тарапынан қолға алынды. Ағымдағы сессияда нұротандық депутаттар 10 заң жобасын ортаға салып, 131 депутаттық сұраным жасады»,  деді Б.Байбек. Өз кезегінде Дариға Назарбаева «депутаттық корпустың қыз­меті, жұмыс істеу тәсілі мен әді­сі қоғамның рухы мен даму үрдісіне және Мемлекет басшысы реформаларының мағынасына сәйкес келуі керек» екенін атап өтті. Жиын қатысушылары сайлауалды уәделердің ойдағыдай орындалып жатқанын сөз етті. Айталық, 2013 жылдың қорытындысы бойынша партия Тұғырнамасының 47 көрсеткішінен (70%) оңды нә­тижеге қол жеткізілген. Бұл – 2017 жылға дейін есептелген жос­пар. Оның ішінде 11 көрсеткіш (16%) уақытынан бұрын орындалды. Партияның Саяси кеңес бюросы Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуын қадағалаудың кешенді әрі жүйелік шараларын әзірледі. Осы бағыттың аясында партиялық тәлімгер тарапынан Тұғырнама басымдықтарын атқарушы органдардың іске асыруын бақылау бойынша бірқатар ұсынымдар берілді. Отырыс барысында қаты­су­шылар Парламент Мәжілісінде және мәслихаттарда партиялық фракцияның өзара іс-қимылының жетілдіріле түскенін атап өтті. Өз кезегінде, бұл Сайлауалды тұғырнаманың орталықта және жергілікті жерлерде табысты іске асырылуының жүйелілігін қамтамасыз етуге тиіс. Мысалы, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 97 пайызы (3218 адам) «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады. Бейне-конференция пішіні үлгісінде аймақтардың өкілдері заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныс жасады, партиялық кура­торлардың қызметі, депутат­тардың тұрғындармен жұмыс істеуі, фракция мен партия фи­лиал­дарының өзара қарым-қаты­насы мәселелерін қозғады жә­не партияның Сайлауалды тұғыр­намасының орындалуы бірлесіп істеген жұмыстың басты нәтижесі болуы тиістігін атап өтті. «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сының басты басымдықтарын іске асырудың аясында Сайлау­алды тұғырнамада партия фрак­циясының нақты партияішілік байланысын арттыру аса маңызды. Яғни, ел аумағындағы әртүрлі деңгейдегі құзырлы органдар аясындағы қарым-қатынас үлгісін оңтайландыру зор маңызға ие. Бұдан бөлек, Сайлауалды тұғыр­наманың іске асырылуының ашық­тығын қамтамасыз ету үшін сарап­шы топтардың жұмысына азамат­тық сектор өкілдері көптеп тартылуда. Мысалы, респуб­ли­калық деңгейде олардың бастамаларына – 50, ал, өңірлік деңгейде 250 ҮЕҰ қатысуда. Отырыс қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен мәслихаттардың өзара қарым-қатынасын арттыруға байланысты нақты шаралар белгіленді. «Егемен-ақпарат».