24 Маусым, 2014

Мереке қарсаңындағы қайырымдылық

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қыр­ғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаиловтың, «Стоматология оқу-консультация орталығы» ЖШС директоры Аслан Жангереевтің, «Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы» директорының медициналық жұ­мыстар жөніндегі орынбасары Шайжамал Мұсабекованың, сон­дай-ақ, Менеджмент және бизнес колледжі директорының орын­басары Раушан Бектұрсынованың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында Астана күнін мерекелеу аясындағы әлеуметтік жобалар мен қайырым­дылық акция­лары таныстырылды. Мысалы, Шавкат Исмаиловтың мәлімдеуінше, мамыр айының 24-інде елордадағы Шәмші Қалдаяқов атындағы көшенің саябағында қалалық әкімдіктің көмегімен 150 шақты адам ағаш көшеттерін отырғызған. «Біз Астана қаласының Ардагерлер кеңесі, Қазақстан Рес­пуб­ликасының  Кәсіподақтар федерациясы және «Жасыл ел» жас­тар қозғалысымен бірлесе оты­рып мамыр айында «Достық аллеясын»  құру туралы ұсыныс жаса­ған болатынбыз. Мамырдың 24-інде бұл бастамамыз іске асып, ағаштар отырғызылды. Осы акция арқылы біз Астанаға тек махаббат сезімімізді көрсетіп қана қоймай, жастарды отаншылдыққа баулуды көздедік», – деді Ш.Исмаилов. Өз кезегінде Аслан Жангереев «Аппақ қардай күлкі денсаулық көрсеткіші» акциясының ұйым­дастырылғанын жеткізді. Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігімен бір­лесе отырып, бұл акцияда 200-ге жуық отбасына, жалпылай алған­да, 551 адамға тегін қызмет кө­р­­се­тілген. Сонымен қатар, Аслан Тө­леу­шеұлы аталмыш акциядан өзі басқаратын орталық жыл бойы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 18 жасқа дейінгі ба­ла­лар мен екі қабат әйелдерге тегін қызмет көрсететіндігін айтып өтті. Жиын барысында Шайжамал Мұса­бекова «Сенің бір тамшы қа­ның біреуді ажалдан арашалай­ды!» акциясы туралы айтып бер­ді. «Астана күнін мерекелеуге ар­налған акциялар шеңберінде өт­­кізілген акцияда 310 адам ақы­сыз қан тапсырды. Осы негізде біз дайындаған 120 литр қан 75 аза­­матқа көмектесе алады. Бұл на­­ғыз ізгіліктің көрінісі», –деді Ш.Мұсабекова. Сондай-ақ, Ш.Мұсабекованың айтуынша, акция халықтың назарын донор болу қажеттілігіне аудару үшін ұйымдастырылған. «Біріншіден, донорлық – бұл саламатты өмір салты. Тек дені сау адам ғана донор бола алатындықтан, біз оларға барынша қатаң талаптар қоямыз. Біз жыл сайын шамамен 35-36 мың литр қан дайындаймыз. Ал қан тапсыру үшін еліміздің 40-45 мыңнан астам азаматтары келеді. Бүгінгі таңда бізде донорлықтың үш түрі бар: тегін, туысқандық жә­не кадр­лық. Соңғысы бойынша тұ­рақ­ты түрде қан тапсыратын адам­дар­­дың арнайы тобы жа­сақ­тал­ған. Ал тегін донорлық 50 пайыз­ды құ­райды. Қазіргі кезде дамы­ған елдер тегін донорлыққа көшіп отыр. Біз де донорлықтың осы түрін қол­ға алуымыз керек», – деді Ш.Мұсабекова. Астаналық студенттердің Қала кү­­нi­­не орай қарттар мен мүге­дек­тер үйiн­де қайырымдылық ак­ция­сын өт­­кiзiп, тегiн шаш алу қызметiн ұсын­­­­ғанын  Раушан Бектұрсынова баян­дады. Оның айтуынша, мұндай шара ал­дағы уақытта аз қамтыл­ған тұр­ғын­­­д­ар үшiн де ұйым­дас­тырылуы мүмкiн. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».