24 Маусым, 2014

«ҚазМұнайГаз»: өзгерістердің әлеуметтік басымдығы

367 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
Фото С  МынбаеваМұнай-газ секторына республикамыздың бірқатар аймақтарының экономикалық дамуы тікелей тәуелді. Өз кезегінде, мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы осы дамудың тұрақтылығын айқындайды. Соңғы жылдары мұнай-газ саласында жұмысшылардың еңбекақысы көлеміндегі сәйкессіздіктер айтарлықтай дағдарыс нышандары мен еңбек қақтығыстарының туындауына әсер етті. Оларды жою және болашақта болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, сондай-ақ Үкіметтің тапсырмасы бойынша ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін еңбекақы төлеудің бірыңғай қағидаттарын жасауды қолға алды. Барлық мамандық маңызды Алғашқы кезеңде кәсіп­орын­дардың қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне талдау жасалып, ол жұмыскерлердің тарифтік мөл­шерлемесінде, қызметкерлердің қызметтік еңбекақысында, осы екі санаттағы жұмысшылардың сыйақысында айтарлықтай айыр­машылық бар екенін көрсетті. Соның нәтижесінде кәсіпорындар үшін тарифтік мөлшерлеме мен қызметтік еңбекақы тағайын­даудың, сондай-ақ, жұмыскерлерге сыйақы беру шарттары мен көлемін анықтаудың бірыңғай әдістемесі негізге алына отырып, кәсіпорындар үшін Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін (ЕТБЖ) әзірлеуге және қолданысқа енгізуге қатысты шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құ­рылған, құрамында ҚМГ кор­поративтік орталығы мен еншілес кәсіпорындарының өкілдері бар жұмыс тобына атқаратын мін­дет­тері мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бірқатар мамандықтар мен қызметтерге атау беру жүктелді. Бір немесе әртүрлі өндіріс үдерістеріне араласатын жұ­мыскерлердің еңбек күрделілігін есептеу талап етілді. Сонымен қа­тар, жұмыскерлердің де, және қыз­меткерлердің де атқаратын жұмыс­тарының күрделілік дәрежесі бойынша бағалаудың грейдирленген жүйесі негізінде еңбекақы төлеуді саралау қажет болды. Сарапшылар алдында тағы да екі бірдей өзекті мәселе тұрды – сыйақы төлемдерін тағайындау мен оның көлемінің бірыңғай шартын анықтау, еңбекақы төлеуді есептеудің бірыңғай әдістемесін бекіту. ЕТБЖ аясында ҚМГ-ның барлық кәсіп­орындары мынадай бизнес бағыттар бойынша төрт топқа бөлінді: мұнай мен газды барлау, өндіру; мұнай мен газ тасымалы; мұнай мен газды өңдеу және маркетинг; сервис қызметтері. ЕТБЖ жасау кезінде негізгі көр­­сеткіш ретінде Мамандықтар мен қызметтер анықтамалығында көр­сетілген бизнес бағытындағы мамандықтың немесе қызметтің ма­ңыздылығы, сонымен қатар, кәсіп­орынның тұтастай алғандағы қызметі болғанын ерекше атап өт­кен жөн. Аталған анықтамалықта ма­мандыққа/қызметке тиесілі атқа­рылатын жұмыстардың күрде­лілігі, жауапкершілік деңгейі көр­сетіледі, осының барлығы күрделілік дәрежесі бойынша бағаланады, ол өз кезегінде қызметтік еңбекақының тарифтік кестесі мен сызбасын жасаудың негізі болып табылады. Еңбек пен төлем бойынша Келесі кезеңде еңбекақы төлеу мен ынталандыру жүйесін жасаудың өлшемдері анықталды. Осы мақсатта бастапқыда кәсіпорын тарапынан негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге және стратегиялық бағдарларға залал келтірмей, еңбе­к­ақы төлемдеріне жұмсалатын ақшалай қаражаттың көлемі есептелді. Бұл орайда, барлығы компанияның тиім­­ділік деңгейіне, қызметкерлер құра­мына еңбекақы мен ынталандыру үшін бөлінетін қаражаттың үлесіне, шығындардың кіріс қаражатының әсе­ріне байланысты болды. Осыған байланысты ЕТБЖ үшін келесі бір негізгі көрсеткіш ретінде жұмыскерлер мамандығына төлеу үшін Бірыңғай тариф кестесінің (БТК) негізін құрайтын Базалық тарифтік мөлшерлеме (БТМ) анықталды. Және де бекітілген көрсеткіш деңгейі мұнай-газ саласы үшін еңбекақы төлеу стандарттарының ең төменгі дең­гейінен кем емес екендігін айта кету керек. Сонымен қатар, өндірістік үде­рістегі жұмыскерлердің еңбекақы төлемдерінің арақатынасында еңбектің сапалық сипаттамасына байланысты түбегейлі айырмашылықтар бар. Заманауи тәжірибеге сәйкес кәсіпорындардағы өндіріс үдерісі дегеніміз өзара тығыз байланысты негізгі, көмекші және қызмет көр­сетуші өндірістердің жиынтығы болып табылады. Осы орайда, өндіріс санаттарының қағидаты, яғни, жұмыскерлердің негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші өндіріс санаттарына бөлінуі басты назарға алынды. Бұл қолданылатын тариф кестелерінің санына ықпал етті. Басқаша айтқанда, әртүрлі өндіріс санаттарындағы жұмыскерлердің жеке тариф кестелері болады. Қызметтік төлем бойынша мамандар мен басшылар үшін де осы қағидат таңдалды. ЕТБЖ әзірлеу кезінде «сақталатын бөлік» механизмі енгізілгенін ескер­ген жөн, яғни, бірде-бір жұмыс­кердің еңбекақысы қазіргісімен салыс­тырғанда төмендемейді. Егер жүйеге сәйкес еңбекақыны төмен­дету қажеттілігі туындаса, онда жұмыс­керге сақталатын бөлік ретінде, қазіргі еңбекақысы мен ЕТБЖ-ға сәйкес төленетін еңбекақының арасындағы айырма ретінде өтемақы төленеді. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен ынталандыру жүйесін жасау барысында еңбекақының тұрақты және айнымалы бөліктерінің арақа­тынасы айрықша маңызға ие. Еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекақы төлеу жүйесі негізгі еңбекақының (жалақының тұрақты бөлігіне қатыс­ты), жұмыскердің орташа айлық жалақысының бір реттік ынталандыру төлемін есепке алмағанда 75 пайыздан кем емес көлемдегі үлесін қамтамасыз етуге тиіс. Осыған байланысты, жаңа еңбекақы төлеу жүйесіндегі айнымалы бөлікті анықтауда көле­мі, шарттары мен көрсетілімі нақты көрсетілген. Кәсіпорын жұмыс­керлерінің еңбекақысының көлемі оған тікелей тәуелді. Мерекелік сый­ақы түріндегі қосымша ынталандыру төлемдеріне келер болсақ, ол шектеулі және «ҚазМұнайГаз» тобына кіретін кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері үшін бірдей көлемде. ЕТБЖ жасаудың қорытынды кезеңінде еңбекақы төлеуді есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді, үстеме ақы, үстеме және сыйақы төлемдерін есепке алғандағы жалақы есептеу механизмінің есептік алгоритмі кел­тірілген. Сонымен қатар, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының жұмыскерлері үшін еңбекақы төлеу­дің Үлгілік ережесі жасалып, оның негізгі ережелері кәсіпорынның еңбекақы төлемі мен ынталандыруға қатысты ішкі құжаттарында көрініс тапты. Осылайша, ұсынылған әдіс­теме бір бизнес-бағыт аясында еңбек­ақы төлеуді жүйеге келтіреді. Жұмыс­керлер үшін түсінікті, сондай-ақ, кәсіпорынның құрылымына және мақсатты стратегиялық бағдарына сай екендігі анық. ЕТБЖ қанатқақты жоба ретінде негізінен Қазақстанның батысында орналасқан, мұнай мен газды барлау және өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар үшін жасалғанын айта кету керек. Қазіргі таңда басқа да бизнес-бағдарлар үшін мамандықтар мен қызметтерге арналған анық­тамалықтар дайындалуда. Ақпараттанған – демек, қаруланған Біртұтас еңбекақы төлеу жүйе­сінің маңызды бөлігі ретінде еңбек ұжымдарында жүзеге асырылатын өзгерістерге қатысты түсіндіру жұмыстары басты мәнге ие. Бұл орайда, ұжымдық шарттардың, оның жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы еңбек қатынастарына ықпалын, маңыздылығын және реттеуші рөлін ерекше атап өту керек. Бүгінде ұжымдық шарт – әлеуметтік әріптестіктің маңызды түрі, әлеу­меттік-еңбек қатынастарындағы көптеген мәселелерді жергілікті дең­­гейде реттейтін басты құқықтық акт. Осыны басшылыққа ала отырып, «ҚазМұнайГаз» мамандары кәсіпорындардағы ұжымдық шарттар мен олардың әрекет ету мерзіміне талдау жасады. ЕТБЖ әзірлеу кезінде ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімі аяқталуға жақындаған компаниялардың қатарында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ болды. Сондықтан аталған қоғам ұжымдық келіссөздер жүргізу, түсін­діру жұмыстары мен ЕТБЖ енгізудің қанатқақты аймағы ретінде таңдалды. Кәсіпорында жаңа жүйенің тиімділігіне жедел талдау жүргізіліп, болжанған нәтижелерден айтарлықтай ауытқулар болған жағ­дайда түзету енгізуге қатысты шешімдер қабылданды. Келесі кезекте ұжымдық келісімдер жүргізуге «Маңғыстаумұнайгаз» үшін кен орындарын орнықтыру бойынша сервистік қызмет түрлерін көрсететін «Ақтаумұнайсервис» ЖШС-нің еншілес компаниясы «Oil Construction Compani» ЖШС бастамашыл ұсыныс білдірді. Екі айға созылған келісімдер мен түсіндіру жұмыстарынан соң 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бас­тап аталған серіктестікте жұмысшы мамандықтарының өкілдері үшін ЕТБЖ енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен «Мұнай мен газды барлау, өндіру» бизнес-бағдарындағы ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындарында бір­тұтас жүйе енгізу туралы шешім қа­былданды. Аталған компанияларда түсіндіру жұмыстары біршама қызу жүргізілді, дайындық пен ұйымдастыру шаралары жалпы саны шамамен 40 мың жұмысшыны құрайтын 18 кәсіпорынды қамтыды. Олардың арасында «Ембімұнайгаз» АҚ (Атырау қ.), «Өзенмұнайгаз» (Жаңаөзен қ.), «Қаражанбасмұнай» және Ақтау қаласындағы «Инженерлік техникалық орталық» бар. Осылардың барлығында мұнай мен газ өндіруші кәсіпорындардың қызметкерлері оқудан өтті, аталған мамандар одан әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына қосылады. Жауапты бизнес Мұнай-газ саласы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін реформалау туралы айтқанда, «ҚазМұнайГаз» үздіксіз қолдап келе жатқан әлеу­меттік жауапкершілік саясатына тоқтал­май кете алмаймыз. Қазіргі таңда, әлеуметтік қажеттіліктің кү­шеюі мен әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың өсуі жағдайында мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларын жүзеге асыруда және дамудың жалпыұлттық мін­дет­терін шешуде бизнестің араласуы ерекше маңыздылық алып келе жатқаны баршаға мәлім. Кәсіпкерліктің осы кең ауқымды қызметке белсенді түрде араласуы БҰҰ-ның әлеуметтік еңбек қаты­настары саласындағы Жаһандық келісімшартының қағидаттарын ілге­рілету жөніндегі Келісімінде бекі­тілген. Бұл құжатқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігі тарапынан, сондай-ақ, 2008 жылы Жезқазған қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың қатысуымен өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі бірінші республикалық форумға қатысқан ірі компаниялар тарапынан қол қойылған. Сөз жоқ, ҚМГ келісімге қол қойған компаниялардың қатарында. Біздің корпоративтік стратегиямызда әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асыруға ерек­ше орын беріледі. Бірінші кезекте, компания жұмыскерлеріне қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Бұл жер­де материалдық ынталандыру, кәсі­би тұрғыда нығаю және өсу, еңбек қа­уіп­сіздігін сақтау туралы сөз болып отыр. Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясында Әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек даулары мен қақтығыстарын реттеу жөніндегі кеңес құрылды. Оның қызметі ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайтуға, кәсіподақ бірлестіктері мен еңбек ұжымдары өкілдерінің өзара бірлесіп әрекет етуіне, еңбек даулары мен қақтығыстарды реттеуге байланысты ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Кеңес құзырына ҚМГ компаниялар тобы жұмыскерлеріне қатысты барлық өзекті мәселелер жатады. Аталған құрылымның ай­рық­ша назар аударатыны – әлеу­­меттік шиеленістер, ең­бек даулары мен қақтығыстар туындайтындығы тура­лы алдын ала ескерту. Осы бағыт­тағы маңызды жетістіктердің бірі – ұжымдық шарттардың Үлгілік түрінің жасалуы. Аталған құжатта әлеуметтік қолдау көрсетудің, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында ішкі қарым-қатынастарды орнатудың бірыңғай қағидаттары бекітілген. Әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақы, бір реттік кепілдендірілген әлеуметтік пакет тізіміне келер болсақ, осының барлығы әлеуметтік көмек көрсетудің Үлгілік ережелерінде көрсетілген. Ішкі қарым-қатынас жүйесінің Үлгілік ережелері «кері байланыстың» тиімділігін арттыруға арналады. Онда басқасын айтпағанда, басшылықтың еңбек ұжымдарымен әлеуметтік, тұрмыстық және өндірістік мәселелер бойынша жоспарлы және жоспарсыз міндетті кездесулері қарастырылған. Осындай кездесулер өткізу тәжі­рибесі ағымдағы жылы басталды және алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, бірінші басшылардың блогы, корпоративтік сайттар, ақпараттық стенд, бейнежарнамалар және басқа­лары «кері байланыс» орнату үшін жұмыс істеуге жұмылдырылған. Сөз жоқ, мұның барлығы компанияның түрлі саласындағы жағдайлар туралы басшылық пен еңбек ұжымдарының толықтай хабардар болуын қам­тамасыз етеді. Әріптестікті  ілгерілету 2013 жылы «Әлеуметтік әріп­тестік орталығы» корпоративтік қоры әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін анық­тау мақсатында ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ компанияларында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің негізінде компания тобында жұмысшылардың әлеуметтік жағдайының деңгейін, кәсіпорынның әлеуметтік дамуын, қыз­меткерлерді ынталандыруын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтауда әлеуметтік әріптестікті ілгерілету мәселелері бойынша семинар-жиын өтті. Шара аясында еншілес және тәуелді ұйымдардың әлеуметтік мәселелермен айналысатын басшылары, кәсіподақ ұйымының жетекшілері оқудан өтті. Семинар бағдарламасына кіретін дөңгелек үстел отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді талқылауға ҚМГ басшылары, бейінді министрліктердің, әкімдіктердің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, кәсіпорындар кәсіподақтарының, ҚМГ компаниялар тобының оқыту орталығының өкілдері қатысты. Шара қорытындысы бойынша ҚМГ мен Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіп­одағы арасында әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы өзара бірлесіп әрекет ету жөніндегі Корпо­ративтік келісімге қол қойылды. Тұтастай алғанда, «ҚазМұнайГаз» жұмыс орнындағы жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді бас­шылыққа ала отырып, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруда. Игілікті борыш Қазіргі таңда ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, қызметкерлерінің алдындағы әлеу­меттік міндеттерін атқарады, қайы­рымдылықпен айналысады, әлеуметтік тұрғыда қорғал­маған азаматтарға нақты көмек көрсе­теді. Кәсіпкерлердің инвестициялары әлеуметтік саланы нығайтуға, ин­фра­құрылымды дамытуға бағыт­тал­ған. Осы маңызды жұмыста «ҚазМұнайГаз» да қатардан тыс қалған емес. Компанияда жыл сайын демеу­шілік пен қайырымдылық көмек көрсетудің жалпы жоспары бекітіледі. Оның маңызды бір тармағы – спортты қолдау және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Жыл сайын теннис, бокс, дзюдо ұлттық федерацияларына демеушілік көмек көрсетіледі, «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымына білім беру бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау жасалады. Республикалық ауқымдағы маңызды шараларды өткізуге барынша көмек көрсетеді. Дәстүрлі және тұрақты негізде компания балалар үйлеріне, мүгедек балаларға, мүмкіндігі шектеулі адам­дарға қамқорлық көрсететін ұйым­дарға көмек қолын созып, мұнай-газ саласының ардагерлері мен жұмыс істейтін зейнеткерлердің қатарына қосыл­майтындарды әлеуметтік қол­дау бойынша қосымша міндеттер атқа­рады. Қорыта айтқанда, «ҚазМұнайГаз» қазіргі таңда жаңа деңгейге көтерілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы шараларды жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік саясатты қолдау бүгінгі күні өте өзекті мәселеге айналып отыр, себебі, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін іс жүзіне асыруға бизнестің белсене қатысуы қоғам алдында тұрған міндеттердің сәтті шешімін табуына ықпалын тигізетіні анық. Сауат МЫҢБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.