Аймақтар • 24 Ақпан, 2023

Балыққа барамын деп бастарын жоғалта жаздады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыз болатыны ескертілсе де Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны Шағалалы көліне балыққа аттанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балыққа барамын деп бастарын жоғалта жаздады

Балықтың қызығымен көлдің жағасынан ұзап кеткен олар боран басталған соң үйге қайтуды ойлап келсе өздерінің «Ваз-2110» ескі машиналарын қар көміп тастағанын көреді. Бұл жерден телефон желісі де ұстамайды екен, әйтеуір жолдан адаспаған балықшылар түні бойы жаяу жүріп, таң ата ғана өздерінің қауіпті жағдайда екенін білдіріп, полицияға хабар береді.

Оларды құтқаруға аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Ерлан Ыбыраев пен Талғат Бейсенбаев аттанады. Өздерінің «Нива» көлігіне олар балықшылар адасқан Чермошнянки ауылының жерді жақсы білетін тұрғыны Николай Долиненконы отырғызып алады.

Полицейлер шамасы екі сағаттай уақыттың ішінде суықтан тісі тісіне тимей дірілдеген екі балықшыны аман тауып, ажалдан құтқарды. Аман қалған балықшылар үйлеріне оралып, жылы жерге енгеннен кейін бірінші кезекте өздерінің инспекторларға деген алғысын жеткізіп, облыстық полиция департаментінің бастығы А.Қабылдиновке хат жазады.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25